Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмолада су астында қалған жолмен жүрген жүргізушінің мәйіті табылды (ВИДЕО)

16:15, 06 сәуір 2025 1649

5 сәуір күні Ақмола облысында жолдың жабық екені туралы ескертуді елемеген жол талғамайтын көлік жүргізушісі 963-шақырымда қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, құқық қорғау органдары жүргізушіні жолдың су астында қалғаны туралы алдын ала ескерткен, алайда ол ескертуді елемей, қауіпті бөлікті айналып өтпек болған.

“Көлік су басқан аумақтан өтуге әрекет жасаған кезде, қатты ағын оны ағызып әкетіп, көлік су астына кеткен. Автокөлікте үш адам болған. Полиция мен құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында екі жолаушы құтқарылып, қазіргі уақытта қажетті медициналық көмек алуда. Алайда жүргізушінің мәйіті кейінірек табылды”, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Полиция мен құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және су тасқыны кезінде өмірге қауіп төндіретін жол бөліктерінен өтпеуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін “ҚазАвтоЖол” республикалық маңызы бар Көкшетау – Атбасар автожолының бір бөлігінде су тасқынына байланысты барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар