Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Астанадағы «Барыс Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтті.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.
Оның қарсыласы осыған дейін жеңілмеген француз Мануэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) болды.
Жәнібек қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 5-раундта мерзімінен бұрын нокаутпен аяқталды.
Жекпе-жектен кейін мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев боксшының туған жерінде ел намысын абыроймен қорғап, табандылық пен жоғары шеберлігін көрсеткенін атап өтті. Президент Жәнібекке алдағы уақытта да жарқын жеңістер тіледі.