Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күшпен интим қатынасқа итермелеген: Арқалықта блогер қыздарды қинаған

14:15, 06 сәуір 2025 408

Арқалық қаласында полицейлер бірнеше жыныстық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Alash.kz Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, ер адам әйелдерге қарызға ақша берген. Ал олар қарызын қайтара алмаған жағдайда, ақша орнына интимдік қатынас талап еткен. Әйелдер келіспеген кезде, ол күш қолдануға көшкен.

«Құқық қорғау органдары жедел іс-шаралар жүргізіп, күдіктіні қамауға алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушілердің арасында кәмелетке толмағандар жоқ», – делінген 6 сәуір күні таратылған ақпаратта.

Тергеу жалғасуда: сараптамалар тағайындалды, жәбірленушілерден жауап алынуда.

Ер адам сот шешімімен қамауға алынды.

Егер кінәсі дәлелденсе, оған 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар