Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақшаны айдаладағы эскорт қыздарға шашқанша Нариманға үй алып беріңдер!" - журналист Бибігүл Дәулетбекқызы

13:00, 16 тамыз 2024 1039

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, белгілі гимнастшы Нарман Құрбановтың сый-сияпатсыз қалғанына қынжылды. Ел абыройын асқақтатқан спортшыға үй алуды ұсынып,"ақшаны айдаладағы эскорт қыздарға миллиондап шашуға" қарсылық танытты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды: 

Алып берсеңдерші мына жігітке де! Ақшаларыңды айдаладағы #эскорт қыздарға да миллиондап шашып жатсыңдар ғой.

Қазақтың түбіне жететін: теріс ағым, рушылдық, жершілдік, жемқорлық! Қалталылардың да жүрегінде патриоттық сезім мүлдем жоқ. Бұл Нариман да біздің Қазақ елінің туын аспанда желбіретіп, күміс алды емес пе? Неге енді бөліп-жарасыңдар?!
Бар жазығы - ұлтының қазақ болмауында ма?!

Білем, мемлекеттен берілетін қомақты қаражатты. Әйтсе де, бөліп-жармаңдаршы ешкімді.

Мәселен, бір топ кішкентай балаларға балмұздақ береді де, сенің балаңа бермесе қандай күйге түсесің?!

Үлкендер сендер солай жасайсыңдар, әрине жас буын теріс ағымның жетегіне оп-оңай кетіп қалады. Миллионерлерді белгілеңіздерші осы постың астына. Кеше ресейлік миллионер Дуров $360 000 бөлді деп жатқан еді ауыл балаларына. Көрдіңіздер ме, кейбіреулер ұлтқа бөлініп жатқанында, сол басқа ұлт біздің балаларымыздың жыртығын жамауда.

Өзбек ағайындылар барлығын бөліп-жармай теңдей берді. Біздікілер бірімен-бірі рушылдыққа салынып дарақылануда. Осыдан кейін Сендер ақыл айтпай-ақ қойыңдаршы, көкебастар! - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар