Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа ашық үндеу жариялап, әлеуметтік желіні белсенді жүргізуге міндеттеді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Курьерді жұмыстан шығартқан – мұғалім, жап-жас жігіт. Аты-жөні – Асылхан Алимханович. Қазір ТикТок-та белсенді. Ал жұмыстан қуылған көпбалалы әке – ауылдан шыққан, қазақ тілін қорғағаны үшін нәпақасынан айырылды», – дейді журналист.
Ол бұл жағдай министрлікті де тыныш жатқызбауы керегін айтты.
«Сіздің парақшаңызда бәрі керемет. Өмір деген тамаша. Ал елдегі шын жағдай ше? Бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов сынға қарамастан, әр даулы мәселе туралы үн қататын. Ал сізден үн жоқ», – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.