2024 жылғы 25 қазанда Республикалық сарайда домбырашылар Темірлан мен Ернаттың концерті өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұған дейін бұл іс-шарада Димаштың інісі – Мансұр да өнер көрсетеді деп хабарланған еді.
«Ұлттық өнермен айналысып жүрген Темірлан мен Ернаттың Алматыдағы Республикалық сарайда өткен алғашқы ауқымды концерті алдында қазақ дәстүрімен бата беріп, оларға сәттілік тіледім! Шығармашылық кеш күткендей өтті, мың алғыс!» – деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Ақтөбеде, әншінің туған жерінде, оның шығармашылық жолын баяндайтын көрме ашылды.