Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Барлық спортшы Демеу секілді кітап оқуды әдетіне сіңіруі керек" - Азамат Әбілқайыр

10:56, 28 тамыз 2024 904

Диктор, ақын Азамат Әбілқайыр Париж олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадраев жайлы жазба жариялап, оның кітап оқуға деген ынтасы мен ой-өресіне таңданды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақын Азамат Әбілқайыр спортшының қандай кітап оқып жүргенін сөз етті:

"Парижге өзіммен кітап ала бардым. Габриел Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романын оқып жүрмін. Ауыр екен. Кейіпкерлері көп-ақ" деп қояды. Деңгей қандай, ә? Маркес! Рас, шығарма ауыр. Шынын айтып тұр өзі. Фотоға түсетіндей-ақ адам ғой, айтыңызшы? - деп жазды журналист.

Кейіннен Демеу Жадраев арқылы спортшылар арасында кітап оқуға деген құштарлықты оятуға шақырды: 

Сондықтан мен Демеуді ерекше көтермелеймін. Себеп не? Кей спортшының деңгейі, сөз саптауы, ой-өрісі көпке оған көрінді. Тіпті, әлеуметтік дүмпу туғызды. Ал Демеу сіз бен бізге үлгі, "мәссаған" дейтіндей емес шығар. Алайда, күрес спортын таңдаған қаншама ұл-қыз үшін кәдімгідей бетке ұстар кумирі. Ендеше кітап оқуды Демеу арқылы шаршы алаңда жүрген бала әдетіне сіңірсе жаман ба? Кітап оқыған Демеудің өзі осал ма? Сөзі мірдің оғындай, ісі мығым, тіл байлығы, өресі кей әріптестеріне қарағанда әлдеқайда көш ілгері, - деп жазды автор. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар