Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байден Газа секторындағы атысты тоқтатуға қатысты жоспар ұсынды

12:41, 01 маусым 2024 657

АҚШ президенті Джо Байден 31 мамырда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы жаңа жоспар ұсынды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Жоспар, негізінен алғанда, Израильдің Палестина территориясынан шығатынын нақтылайды. Құжатта үш деэскалация кезеңін қарастырылған:

Жоспарға сәйкес, бірінші кезең алты аптаға созылуы керек. Оған атысты толық және түпкілікті тоқтату, Газа секторындағы елді-мекендерден Израиль әскерлерін шығару және жүздеген палестиналық тұтқындарды босату үшін бірқатар израильдік кепілге алынған адамдарды қайтару cынды сатылардан тұрады.

Екінші кезеңде Газадағы әскери іс-қимылды түпкілікті тоқтату және Израиль әскерлерін Газа секторынан шығару көзделген. Сонымен қатар, осы кезеңде барлық кепілге алынған адамдар Израильге қайтарылуы керек.

Ақырында, үшінші кезеңде, үш жылдан бес жылға дейін созылатын әрі АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың қолдауымен аймақты қалпына келтірудің ауқымды жоспары басталады. Израильдік кепілге алынған отбасыларға ХАМАС өлтірген туыстарының мүрделері қайтарылуы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар