Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуроодақ өкілдері Азаттық радиосының жағдайын талқылайды

17:50, 17 наурыз 2025 121

Осылай деген Азаттық Еуропа одағына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Брюссельде 17 наурызда өтетін жиында Украинадағы соғыстан басқа, Таяу Шығыстағы жағдай мен басқа да мәселелерді, соның ішінде Азат Еуропа/Азаттық (АЕР/АР) радиосының қызметін қаржыландыруға АҚШ Конгресі мақұлдаған гранттың күшін жоюға байланысты мәселені талқыламақшы, деп жазады alash.kz.

Чехияның сыртқы істер министрі Ян Липавский жексенбідегі мәлімдемесінде АЕР/АР және "Америка дауысы" медиалары қызметінің маңызын айта келе, оларды авторитаризм жағдайында өмір сүріп жатқан халықтарға "шамшырақ" іспеттес деп атады. Чехия өкілдері Еуроодақтағы әріптестеріне АЕР/АР-ды қаржыландыру мәселесіне байланысты алаңдап отырғаны туралы мәлімдеменің жобасын таратты.

Құжатта Азат Еуропа/Азаттық радиосы кезінде "темір шымылдықтың" қоршауында қалған елдерде тұратын халыққа ондаған жылдар бойы объективті ақпарат жеткізгені және "бүгінгі күні еркін баспасөзі жоқ немесе қызметі шектелген аймақтарда тұрып жатқан жүздеген миллион адамға тәуелсіз, нақты ақпарат таратуды жалғастырып келе жатқаны" айтылған.

Бұған қоса, АЕР/АР өз қызметімен Еуропаның қауіпсіздігін нығайтып отырғанын, ал оның жұмысы тоқтаса, бұл "Еуропаға қарсы күштерге сыйлық болатынын" атап көрсеткен. Жобада АЕР/АР-ға қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін қаржы іздеп табуға ниетті екені жазылған, бірақ оның егжей-тегжейі келтірілмеген. 

Ал қазақстандық саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт:

Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды.

Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп "Азаттықсыз" Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ" деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар