Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымбұлақ маңында қар көшкіні салдарынан бір адам көз жұмды

17:38, 17 наурыз 2025 66

Тағы екі адам зардап шекті. Қар көшкіні курорттан 1 шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы аймағында жүрген, деп жазады alash.kz.

Төтенше жағдай бүгін 14:57-де «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының сол жақ Талғар ауданында, Богданович мұздығының үстіндегі асуда болған.

Үш фрирайдер беткейге сырғанап, қар көшкінінің жүруіне себепші болыпты.

Көшкін кезінде үш еркін сырғанаушылар қар астында қалды. Екеуі өздігінен қар астынан шықса, ал үшіншісі өлі күйінде табылды. 

ТЖМ мәліметінше, қаза болған Ресей Федерациясының 1990 жылғы азаматшасы болып шықты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар