Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Е.Саиров: "Отморозоктарды қатаң жазалайтын заң керек"

13:54, 05 ақпан 2024 308

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қарағандыда "жедел жәрдем" жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан бұзақыны қатаң жазалауға шақырды, деп хабарлайды alash.kz сайты Dalanews.kz ке сілтеп.


Мәжілісте балалар мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа байланысты жауапкершілікті күшейту жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр.  Осы тұста Сайыров жақында Қарағандыда болған оқиғаны тілек тиек етіп, қызметтік міндетін атқарушылардың денсаулығына жарақат келтіргендерге жазаны күшейтуді ұсынды.




“Мысалы, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін бір нақұрыс ұрып тастады. Біз оны бүкіл Қазақстан болып іздеп, әрең таптық. Бірақ қазір оны қатаң жазалайтын еш тетік жоқ. Сол себепті дәл сондай отморозоктарды қатаң жазалайтындай шаралар қажет. Мәселен, қылмыстық істе олар бас бостандығынан айыратындай жаза тағайындалуы тиіс. Ішкі істер министрлігі неге сондай бапты енгізбей отыр? Неге сондай адамдарға либералды амал қолданылады, – деді депутат.



Ал Игорь Лепеха бұл мәселе бойынша тиісті шара қолға алынғанын жеткізді.  Оның айтуынша, бұзақыға қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Путин Астанаға келді

15:50, 27 қараша 2024 45