Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді ұрттамаймын». Күйзелісте жүрген Мақпал Жүнісова оқырмандарына уәде беріп, мұң-шерін ақтарды

11:50, 18 қыркүйек 2024 1177

Жақында танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына бірнеше видео жүктеп, күллі халықты бір шулатқан еді. Кейіннен әнші құлазып жүргенін айтып, оқырманымен сыр алысты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Көпшілік әншіні мас болып, эфирге шықты деп айыптаған да болатын. Бірақ елдің ерке қызын жақтағандар да аз болмады.

Жақында Мақпал Жүнісова «Жанымды менің ұғыңдар» атты әнін орындаған архивтегі видеосын жариялады. Сол видеоның астына бір оқырманы «Құрсын, ішпеңізші» деген пікір жазып кеткен. Сол пікірге Мақпал Жүнісова «Ішкен жоқпын, ұрттадым. Енді ұрттамаймын» деп жауап жазып, оқырмандарына сөз берген.

Massaget.kz порталы бұған қатысты ақпарат жазды.

"Күз айы - мен үшін депрессия" деп сырын ақтарған Мақпал Жүнісоваға "Менің де жаным жаралы, қалай кездесуге болады Мақпалжанмен?" деп сырласқан оқырманына әнші: "Мықты болыңыз. Екі жаралы кездессек, тіптен қуып кетуіміз мүмкін", - деп жауап берген. Әншінің бұл әзіліне сүйсінген халық "Әлі де болса әзілін қоймапты, бұл - жақсылықтың белгісі" деген пікір білдіріп жатыр. 

Тыңдармандары өнер иесіне қолдау білдіріп жатқаны анық байқалады. Негатив пікір өте аз.  

"Күйік ұрттатып қояды арасында, мен түсінем жараңызды", "Жаным сол, Мақпал, сізге бәрі болады. Арасында ішуге де болады. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ қой", "Не ішсеңіз де жұмысым жоқ. Тек жарқырап жүрген жұлдыз екеніңізді жақсы білемін", "Мұндай дауыс иесі ішпеуі тиіс. Ішпеңіз" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?