Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ» – Израиль премьер-министрі

10:21, 08 ақпан 2024 333
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Енді ол Газа секторында бірнеше айдың ішінде жеңіске жететініне сенімді.

Ол тіпті, АҚШ-тың Газада тез бітімге келу жөнінде әрекет етіп жатқанын жоққа шығарды. Бұл аздай, шайқас тоқтамайтынын мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы бар. Ол – ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңіс күніне жақындап қалғанын айтты. Бірнеше айда жеңіске жетуге болатынын да қадап айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.
«ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе, ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды, – деді ол.

Ал бұған дейін Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін «геноцид» деп атаған еді.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар