Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарықсыз жұрттың жанайқайы: Байханов байқамай отыр ма?

17:06, 31 шілде 2024 592

Павлодар бірнеше ауданында екі күннен жарық жоқ, тұрғындар әкімдіктен көмек күтіп отыр, алайда олардан қайыр болмай тұр, деп хабарлайды Alash.kz

Жарықсыз қалған Ворушина, Лсеная, Амангелді аудандарында кешеден бері жарық сөндірілген. Дүкендер мен тұрғын үйлер екі күннен бері жарықсыз қалды. Қолайсыздықтың салдарынан аудан тұрғындары далада шай-тамақтарын ішуге мәжбүр. 

Жарықсыз қалған жұрттың жанына батып отырған жайт - дүкен тоңазытқышындағы ерігіш заттар. Балмұздақтар мен салқын температуда сақталатын өнімдер еріп, кәсіпкерлерге ауыр шығын келтіруде. 

Ауыл мен аудандағы шағын және орта бизнес иелері, дүкен иелері әкімдіктің салғырттығына шыдамай, ашық қарсылық көрсетуде. Кейбіреулер айғайлап жылап, әкімдік қызметкерлерінің назарын өздеріне аударғысы келді. Бірақ одан еш нәтиже болған жоқ.

Павлодар әкімдігі осы уақытқа дейін қолайсыздық үшін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кешірім сұрап, келтірілген шығындарға өтемақы туралы ешнәрсе айтпай отыр.  

Әкімдіктен қайыр болмаған тұрғындарды береке-бірлік қана ұстап отыр. Бірінде барын біріне беріп, сабырмен шыдап бағуда.

Ал Павлодар қаласы тұрғын үй-инспекциясы және комуналдық шаруашылық мекемесі келтірілген қолайсыздықтарға байланысты былайша түсініктеме берді: 

"Жарықтың болмау себебі - ақаулық электр желілерінде болып отыр. Қазіргі уақытта "ПРЭК" АҚ қызметкерлері электр желілеріндегі ақауды тауып жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. 2 сағат көлемінде апатты аудандардағы электр жүйелері қалыпқа келтіріліп, жарық беріледі" депті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар