Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарты жылдан соң жерге оралды

17:07, 23 қыркүйек 2024 225

Бүгін тарихтағы ең ұзақ ұшу миссиясынан кейін ғарышкерлер Жезқазғанға қонады.

«Роскосмостың» хабарлауынша, бүгін Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) экспедицияларының бірі аяқталады. Экипаж орбитада 374 күн өткізген деп хабарлайды Alash.kz Aqsham.news.kz-ке сілтеме жасап. 

«Роскосмостың»  мәліметі бойынша, 23 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 8:15-те станция экипаждары қоштасып, өтпелі люктерді жапқан. Қазір ғарышкерлер ғарыш кемесінің ажырауына дайындалып жатыр.

Астана уақыты бойынша 17:00-де кеме Жезқазған маңына қонуы керек. Осылайша, ғарышкерлер Олег Кононенко мен Николай Чуб өз миссияларын аяқтайды.

Сонымен қатар, NASA астронавты Трейси Дайсонның жарты жылдық экспедициясы да аяқталады.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?