Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Келесі жылдан бастап 13 миллионға жуық азамат декларация тапсырады

15:03, 19 наурыз 2024 294

2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық азамат өздерінің табыстары туралы декларация тапсырады. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов табыс салығын тапсыру кезеңіне дайындық мәселесін пысықтады.

Қаржы министрі осы жұмысқа дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап 13 миллионға жуық адам декларация тапсырады.

«Біз дайынбыз. Одан басқа бізде аудандық салық басқармаларында 222 консультация беретін орын ашылды. Сол жерде барлық көмек көрсетіледі. 1414 нөміріне тікелей қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Екінші деңгейлі банктермен жұмыс атқардық. Олардың сервистері арқылы да декларация тапсыруға мүмкіндік бар. Ал интернеті жоқ алыс жерлерлерде Қазпошта арқылы декларация қабылдаймыз», – деп атап көрсетті Тәкиев.

Үкімет басшысы деларация мүлікті бақылаудың тиімді әдісі әрі жемқорлыққа қарсы жүйе екенін ерекше атап өтті. Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар