Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Керекуде кілт жоғалтқаны үшін әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

09:37, 19 мамыр 2024 433

Кілт жоғалтқаны үшін әйелімен жанжалдасқан ер адам ұсталды. Ол тұрғын үйдің кіреберісінде жолдасына қол жұмсаған. Павлодар әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында 28 жастағы павлодарлық тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сотта ер адам әйелімен кикілжің пәтер кілтін жоғалтқандықтан туындағанын айтты.

"Жанжал кезінде ол қатты айғайлап, әдепсіз сөздер айтып, әйелдің бетінен ұрып-соғып, ашу кезінде жанжал шығарғанын айтып, өз әрекетін түсіндірді", –делінген сотта. 

Павлодарлық әйел сотта күйеуімен татуласқанын, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Әйел денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуден де бас тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар