Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр Мырзабосыновтың екпіні басылып, Черчесовке кешірім беруді ұсынды

09:05, 18 қазан 2024 315

Жақында ҚФФ-дан Станислав Черчесовке қатысты түсінік сұратқан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов енді ресейлік бапкерді кешіруге шақырды, деп хабарлайды Alash.KZ b1rinshibol-ға сілтеме жасап. 

Ол Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болғанын айтты. Және мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де түсінгенін жазды.

«Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын. Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал. Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік»,- деді министр Мырзабосынов.

Ол Станислав Черчесовтің халықаралық деңгейдегі танымал футболшы екенін әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы екенін айтып, жанкүйерлер үмітін ақтайды деп сенім білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?