Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды. 2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР "Ұлттық әл -ауқат қоры туралы" Заңында 6-1-бап ("қорды басқару жөніндегі кеңес") алып тасталсын", - делінген құжатта.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болатын. Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.
Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері мен мәртебелерінен айыра бастады.