Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасы жаман, тәрбиесіз, баласы қатігез: Баян Алагөзова әйелдердің ашуына тиді

08:29, 20 қараша 2024 1467

Танымал продюсер Баян Алагөзова бала тәрбиесі туралы келіншектерге ақыл айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгіме қозғады.

«Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен губка сияқты сіңіріле береді», — деді продюсер.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар