Төреғали Төреәлі концертінде “ТТТ” лақап атының құпиясын ашты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол өзіне сұрақ қойған қарияға жауап берді.
«ТТТ — сөзіндегі “ТТ” — Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік білсе де, үшінші “Т”-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер туған әйелі — Толқынның бас әрпі депті.
Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой. Қызылорда қаласында өткен кәнсерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып батасын беріп болып: саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші “Т” Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?-деді.
Мен: “Жоқ, ата, үшінші “Т” Татыран деген өтірік. Бірінші “Т” — Татыран,- дедім.
Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой.
Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші “Т” — Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын», деп жазды.