Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Подполковник шенін алыпсыз": Бишімбаев соты арқылы кеңінен танылған прокурордың шені өсті

19:52, 15 шілде 2024 684

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай жөнелді.

"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!" деп жазып жатыр Желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар