Дөң тау-кен байыту комбинаты аумағында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы кәсіпорын өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Қазхром» компаниясы марқұм болған қызметкерлердің отбасына көмек көрсететінін айтты.