Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылжарды Ресейге қосқысы келген адам жындыханаға түсті

09:13, 07 тамыз 2023 174


Петропавл қаласын Ресейге қосуды армандаған Валерий Лихушин психиатриялық ауруханаға жатқызылды,- деп хабарлайды 7152.kz сайты. 51 жастағы әке-шешесінің қолында тұратын, жұмыссыз Валерий Лихушин Facebook желісінде «Пётр Сидоров» деген лақап атпен тіркеліп алып қазақ тілін, қазақ ұлтын қорлап және Петропавл қаласын Ресейге қосу туралы ұсыныстарын айтып жүргендігі туралы өзге желі қолданушылар құқық қорғау органдарына шағым түсірген болатын.





Бүгін Петропавл қалалық сотының судьясы Тахмина Собирова Валерий Лихушинді психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу үкімін шығарды.

Өйткені сотталушы оқушы кезінде психикалық дамуы төмен диагнозымен психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған және ол орта емес, арнайы мектепті бітірген. Бірақ кейінен Лихушинді есептен алып тастаған. Сот кезінде өз-өзін жұдырықпен ұрып, басындағы «дауыстардың» нұсқауы бойынша әрекет еткенін айтқасын сот оны Алматыға стационарлық кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдап, олар Лихушинды сау емес деген анықтама берген.

Үкім жарияланғаннан кейін Лихушинның ата-анасы: ол қанша уақыт психиатриялық ауруханада болады? – деп сұраған. Толық емделіп біткенше!


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар