Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: СОБР аға инспекторы қаза тапты

09:45, 18 наурыз 2025 335

17 наурыз күні Петропавл – Көкшетау тас жолында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алып, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 15:20 шамасында болған.

Алдын ала деректерге сүйенсек, Toyota Estima көлігін тізгіндеген СОБР аға инспекторы, майор Марат Мұхамеджанов рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған.

Белгілі болғандай, 32 жастағы полиция қызметкері демалыста болған. Көлікте оның жары мен баласы да болған.

Екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар