Алматы облысында ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
2025 жылдың 17 наурызында Алматы облысындағы Ақсеңгір–Шамалған теміржол учаскесінде қайғылы жағдай орын алды.
Ер адам кенеттен теміржолға шығып, пойызды тоқтату әрекеттеріне қарамастан, қайғылы оқиға болды.
Локомотив машинисі дабыл беріп, шұғыл тежегішті іске қосқан, алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай марқұмның жеке абайсыздығы мен теміржол қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан болған.
“Оқиға 17:24 шамасында орын алды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – деп хабарлады “Қазақстан темір жолы” баспасөз қызметі.