Танымал блогер Әлібековтың машинасы 22 жастағы жігіттің өліміне себепкер болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында болған.
Автодромда арнайы трюк жасалуы қажет болған. Stan.kz айтуынша, Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігіні үстінен секіруі керек еді.
Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды.
Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған. 30 қазан күні жас жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Оқиға “ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша тіркеліп, тергеу басталды.
Оқиғаға қатысты блогер Бейбіт Әлібеков түсіндірді.
"Бытырхан Ержан есімді жігіт меннен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді берген болатынмын. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде орын алған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Әлібеков.