Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістанда 500 оқушы бір мезетте күй шертіп, халықаралық мерекені ерекше қарсы алды

18:33, 01 маусым 2024 583
Түркістанда Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Мереке аясында 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
"Керуен сарай" туристік кешенінде өткен жиында тақырыптық көрме жасақталған. 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты. Балалардың қолданбалы өнер бағытындағы шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.

Сонымен қатар, балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды. Аудан, қалалардан келген үздік суретші балалардың "Түркістан балалар көзімен" көркемсурет галереясы ұсынылды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдараламаға ұласты. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарымен бірге "Ақжайық" музыка мектебінің таланттары өнер көрсетті. Сонымен қатар жалпы облыстың дарынды балалары да кешке атсалысты.

Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155-мыңнан астамы бақшада, 520 мыңы мектепте білім алуда. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, "Оқушылар сарайы", түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар