Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үкімді өзгертуге Тоқаевтың құзыреті жоқ: Мәсімовке рақымшылық жасала ма?

13:13, 17 маусым 2024 417
Белгілі журналист Гүлнара Бажкенова Кәрім Мәсімовтің президенттен кешірім сұрап, рақымшылық жасауын өтінгені жайында өз ойын айтты деп хабарлайды Alash.kz сайты   Dalanews.kz сайтына сілтеп.

"Мен Мәсімов президенттен кешірім сұрағанын естіген кезімде, оның бостандыққа шығуы қаншалық мүмкін екенін емес, не үшін кешірім сұрағанын ойлай бастадым. Ол оқыған, білімді адам бола тұра кешірім сұрағаны қалай деп ойладым. Себебі рақымшылық ол көбіне өлім жазасына қатысты беріледі. Қазақстанда да, әлем елдерінде де президенттер өлім жазасына кесілген адамға рақымшылық жасай алады. Өлім жазасына кесілерден 1 минут бұрын кешірген кездер де болған. Мұны президент жанындағы комиссия да шешеді. Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталды. Сондықтан бұл жерде рақымшылықтың не қатысы бар? Президент соттың үкімін өзгерте алмайды.

Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы 18 жыл деген үкімді өзгертуге президент Тоқаевтың құзыреті жоқ. Елдегі сот – тәуелсіз, бір адам айтты екен деп шешімді өзгерте салмайды. Қайдағы рақымшылық? Кәрім Мәсімов президенттен үкімнің күшін жоюды немесе жазасын жеңілдетуді сұрап отыр ма? Неге Президенттен сұрап отыр? Себебі ол президент үкімді өзгерте алмайтынын біліп отыр ғой. Рақымшылықты жайдан жай сұраған жоқ қой. Ол бұл істе жайдан жай пайда бола салмаған адам ғой, ол заңды біледі, адвокаттары да заңнан хабардар. Сондықтан мен үшін, ең алдымен, не болып жатқаны түсініксіз. Рақымшылық туралы ақпарат не үшін тарап кетті? Қандай болжам бар? Демек шын мәнінде бір нәрсе шешіліп жатыр деген сөз. Егер ақпарат тарап кеткен болса, халықтың реакциясын күтіп отырған шығар? Олар мұны қалай қабылдайды, қалай талқыға түседі дегендей. Бірақ тағы да қайталап айтамын, рақымшылық берілуі - заңсыз. Президент сот шешімін өзгерте алмайды, себебі Мәсімов өлім жазасына кесілген жоқ", - дейді Бажкенова Orda.kz-ке берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар