Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Израиль де, Палестина да өз алдына жеке мемлекеттер, біз мойындаймыз" - Украина президенті Зеленский

17:16, 02 маусым 2024 345

Украина Израильді де, Палестинаны да мойындайтынын хабарлады. Украина президенті Владимир Зеленский Сингапурдағы Тынық мұхиты аймағына арналған жыл сайынғы Азия қауіпсіздік саммитінде бұл жайлы хабарлап, Газадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

"Егер ХАМАС террористері израильдік бейбіт тұрғындарға бірінші күннен шабуыл жасаса, Израиль өзін қорғауға құқылы", - деді ол.

Кейіннен Газада болған жағдайға Украина тарапының бей_жай қарамайтынын жеткізді:

"Біріншіден, біз Газаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайынбыз; Екіншіден, біз халықаралық құқықты құрметтеу керекпіз; Үшіншіден, Украина Израиль мен Палестинаны да жеке мемлекет деп таниды" - деді президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар