Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

41-орын: Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады

16:08, 11 тамыз 2024 323
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жарысты толық аяқтады, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында жалпы есепте жеті медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 3 қола. Жалғыз алтынды дзюдодан Елдос Сметов (60 келіге дейін) жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін).

Олимпиадада үшінші болып Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), атқыштар Александра Ле және Ислам Сәтбаева (аралас командалық жарыстар) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев болды. 

Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Ойындардың жабылуын тікелей эфирден 23:15-те JIBEK JOLY, Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады.

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-орында тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар