Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

75 млн теңге пара алмақ болған «Алматы Су» өкілі 5 жылға сотталды

15:53, 20 наурыз 2025 212

«Алматы Су» бас директордың орынбасары – департамент басшысы Мақсат Жолдыбаев 75 миллион теңгені ұрлауға оқталғаны үшін 5 жылға сотталды, деп жазады Alash.KZ.


Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлім етті.

«Іс тергеліп, сотта қаралды. Тіпті, кәсіпкерден 75 миллион теңге алмақ болды деген айып тағылғанымен, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны БАҚ беттерінде жарияланды.

Қадағалау органының (прокуратураның) наразылығы бойынша апелляциялық шағым жасалып, үкім өзгертілді. Оған нақты 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол сот залында қамауға алынды», - деді Д. Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар