Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалған полицей автокредитке жарнама жасап, айыппұл арқалады (Видео)

12:19, 20 наурыз 2025 231

Абай облысында 22 жастағы семейлік жарнамаға креативті көзқараспен қарауды ұйғарып, полицей формасын киіп, жеңілдетілген автонесиелеуді жарнамалаған видеоролик түсірді, деп жазады Alash.KZ.

Алайда оның актерлік шеберлігін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.

Тексеру барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Енді жарнамалық жетістік орнына — айыппұл салынды, ал формалық киім тәркіленді.

Ресми форма мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану — құқық бұзушылық екенін құзырлы орган ескертіп отыр. Мұндай "эксперименттер" үшін айыппұл салынып, форма тәркіленеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар