"Қансонар" республикалық аңшылар қауымдастығы 2024 жылдың соңында "қазақы тазы" ит тұқымы бойынша селекциялық жетістікке патент алған, деп жазады Alash.KZ.
Бірақ Экология министрлігі мен "Қазақстан кинологтар одағы" бұған қарсылық білдірді.
Сотта Қазақстан бұрыннан тазыға құқық иеленгені дәлелденді. 2023 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) бұл шешімді ресми түрде бекіткен болып шықты.
Егер қауымдастықта патент қалатын болса, тазыны өсіру және сату бойынша құқығы толықтай беріліп, басқалардың мүмкіндігін шектейтін еді.
Бұл жағдай тазы тұқымының дамуы мен таралуына кедергі келтіруі мүмкін.