Басты оқиға – «Алматы – Наурыз құшағында» концерті. 21 наурыз, 11:00, Астана алаңы. «Дос-Мұқасан», КешYou, Майра Мұхамедқызы және басқа да артистер өнер көрсетеді.
Кешкі Juldyzdy Almaty (21-22 наурыз, 18:00, Астана алаңы).
Nauryz Fest фестивалі (21-25 наурыз, 10:00-16:00, Абай алаңы). 21-22 наурыз күндері кешкі уақытта белгілі орындаушылардың концерті өтеді.
Арнайы алаңдар:
Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі (21-22 наурыз) – LED-экрандары мен виртуалды гиді бар интерактивті кеңістік.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Абай шығармаларын хормен орындау (22 наурыз, 9:30, Абай даңғылы).
21 наурызда шаһардың барлық ауданында этноауылдар, жәрмеңкелер, ұлттық ойындар мен батырлар мен садақшылардың шоуы өтеді:
Әуезов ауданы, 11:00, Family park – «Қош келдің, Әз-Наурыз!».

Алмалы ауданы, 12:00-15:00, Дүйсенов көшесі, 114 к./ Прокофьев көшесі, 39.
Бостандық ауданы, 12:00, Тұңғыш Президент саябағы.
Жетісу ауданы, 10:00, «Гүлдер» саябағы – «Қош келдің, Наурыз!».
Медеу ауданы, 11:00, «Халық арена» аумағы – «Қош келдің – Әз Наурыз».

