Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевты соттаған судья топ жарды

14:56, 20 наурыз 2025 273

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева шахматтан өткен жарыста топ жарды, деп жазады Alash.KZ.

Қазақстан судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы спорттық іс-шара ұйымдастырып, волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан жарыстар өткізді. Оған сот әкімшілігінің, Әскери соттың, қалалық және аудандық соттардың қызметкерлері қатысты.



Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңіске деген жігері мен спортқа деген ынтасы үшін бірқатар қатысушылар марапатталды.

Әйелдер арасындағы шахмат турнирінде:

I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева;

II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева иеленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар