19 ақпанда БҚО-дағы Ұялы ауылының маңынан ұшқышсыз ұшақ табылды. Бұл ауыл Ресей зымырандарды сынақтан өткізетін «Капустин Яр» әскери полигонынан 250 шақырым жерде орналасқан, деп жазады alash.kz.
Осы жағдайға қатысты Бөкейорда ауданының әкімдігі Ресейге жалға берілген жерлерді елге қайтару туралы ұсыныс жасаған. Алайда бұл мәселе әлі шешімін таппаған.
Әкімдік мәліметінше, өңірде жайылым мен шабындық жер жетіспей отыр. Тұрғындар малды полигон аумағында бағуға мәжбүр дейді.
Айта кетейік, Ресейге жалға берілген жердің көлемі 943,6 мың гектар. Бұл аудан аумағының 49%-ына тең.