Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азамат қала басшысынан жылап тұрып көмек сұрады, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға қала әкімі Ғабит Сыздықбаевтың Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде болған.
Көшпелі кездесуде әкім Нұрсәт, Астана, Қызыл су шағынауданы және Сайрам мен Өтеміс тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездескен.
Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азамат әкімнен баспана беруін сұраған.
Мен 20 жыл болды қаңғып жүргеніме. Өтінемін аға-ау, маған бір шатырымды сайлап беріңіз. Маған шаңырақ керек. Азап шектім, дейді қала тұрғыны.
Ұлысмедиа тілшісі Шымкент әкімдігінен қала басшысының бұл жайтқа қатысты жауабын сұратты.