Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"VIP-зираттар көбейеді: сенатор зираттарды жекеменшікке беру туралы айтты

13:10, 13 наурыз 2025 422

Сенатор зираттарды жеке меншікке беруге қарсылық білдірді, деп жазады alash.kz.

Андрей Лукиннің айтуынша, бұл осы саланы монополияға айналдыруы мүмкін.

Ол Астананы мысалға келтірді.

«Қазіргі кезде Астанада жерлеу құны республика бойынша ең төмен болып тұр. Бірақ, жекешелендіруден кейін жеке меншік компаниялар бағаны көтере бастайды. Мысалы, пандемия кезінде жеке меншік компаниялар бір адамды жерлеу үшін 1 млн теңгеге дейін сұраған», - деп атап өтті Лукин.

Депутат «зираттар коммерциялық ортаға берілсе, VIP-зираттар көбейеді» дейді. 

Сондай-ақ негізгі жерлеу қызметтерінің шекті бағасын белгілеуді сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар