Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқайға оқырманы хат жазған, деп хабарлайды Alash.KZ.
Айтуынша, қыз бала тіпті ата-анасын танымай қалған. Молдаға дейін дем салдырып, оқытыпты. Сөйлеп жүрген бала екі күннен бері тіл қатпай жүрген көрінеді.
“Інімнің 7-жастағы қызы тик-токтан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Тіпті әке-шешесін танымай жатыр. Көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырып, оқытып жатырмыз. Ішіне үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түнімен көз ілмей, шырылдап шошып шығады. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде сөйлемей қойды. Жалпы, сап-сау бала. Бұған дейін асыр-салып ойнап, сөйлеп тұрған бала”, - деп жазған оқырман.
Журналист тағы да осыған ұқсас оқиғаны жазып, мұндайда не істеуге болатынын сұраған.