Енді кейбір жедел жәрдем көліктері жол ережелерін бұзғандарды бақылай алады, деп жазады Alash.KZ.
Көкшетауда мобильді тестілеу жалғасып жатыр. 103- ке орнатылған камера 8 мыңнан астам заң бұзушылықты таспаға түсіріп алған.
«Бұл жол жағдайын бақылауға, проблемалық учаскелерді анықтауға және жол қауіпсіздігін алдын алу шараларын әзірлеуге көмектеседі», - делінген Sergek Group хабарламасында.
Жедел жәрдемге орнатылған Sergek озық камералармен және ереже бұзушылықты автоматты түрде тіркеуге арналған радармен жабдықталған.
Ол кез-келген жағдайда, түнгі уақытта және қиын ауа-райында жұмыс істей алады.