Танымал түрік әншісі және композиторы Волкан Конак 58 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Әнші Солтүстік Кипрдегі концерті кезінде өзін нашар сезінген.
Ол жүрек талмасына ұшырап, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Волкан Конак Түркияда өзінің ерекше стилі мен музыкаға қосқан үлесі арқылы кеңінен танымал болды.
Оның ең танымал шығармаларының қатарында Cerrahpaşa, Mimoza çiçeğim және Yarim yarimбар. Бұл әндер елдің музыкалық мәдениетінде айтарлықтай із қалдырды.