Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Теміртауда кәмелетке толмаған жауыздар қарияны аяусыз ұрып, видеоға түсірген

09:24, 31 наурыз 2025 2704

Теміртауда кәмелетке толмағандар тобы қарт ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, оны аяусыз соққыға жығып, болған жайтты видеоға түсірген, деп хабарлайды Alash.kz.

Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, бұл оқиға әлеуметтік желілерде видео жарияланғанға дейін учаскелік инспекторлардың профилактикалық жұмысы барысында анықталған.

Барлық күдіктілер, оның ішінде кәмелетке толмағандар, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдері бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылды.

Қылмыстық істі тергеу Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.



 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар