Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленскиймен келісімнен шығамын, егер ол қарсыласса үлкен мәселелерге тап болады!: Трамп сұмдық мәлімдеме жасады

09:51, 31 наурыз 2025 1187

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісімнен шығуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы жексенбі күні журналистермен әңгіме барысында Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Трамп егер украиналық көшбасшы бұл келісімнен бас тартуға тырысса, оны күрделі мәселелер күтіп тұрғанын ескертті.

“Ол сирек кездесетін металдарға қатысты келісімнен бас тартпақшы, және егер ол мұны жасаса, үлкен, өте үлкен мәселелерге тап болады”, – деді республикашыл саясаткер.

Сондай-ақ, Трамп Зеленскийдің Украинаны НАТО-ға мүше еткісі келетінін, бірақ оның ешқашан жүзеге аспайтынын білетінін айтты.

“Ол НАТО мүшесі болғысы келеді. Бірақ оған ешқашан НАТО мүшесі болу бұйырмайды, ол мұны өзі түсінеді”, – деді Ақ үй басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар