Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ағайынды Мәсімовтер түрмеден түрмеге көшіп жатыр

11:44, 02 тамыз 2023 177


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен інісі Нұрлан Мәсімов және ҰҚК департаментінің бұрынғы басшылары Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеге ауыстырылады.



«ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин Өскеменге, жалпы режимдегі түзеу колониясына ауыстыралады. Сонымен қатар ҰҚКД-ның бұрынғы бастықтары: Алматы облысы – Сәбит Құрманаев, Қызылорда облысы – Аслан Рахимов, Алматы қаласы – Нұрлан Мәжілов, сондай-ақ Павлодар облысы ПД-нің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов Өскеменге кезең-кезеңімен ауыстырылады»- деп хабарлады ҚазТАГ.




Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары отанға опасыздық жасады деген айыппен сотталған. Ал інісі Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы ішкі істер басқармасының басшысы лауазымында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп сотталған болатын.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар