Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және ұлттық құндылықтар
• Ахмет Байтұрсынұлы және гуманитарлық ғылымдар: өткені мен бүгіні
• Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық жазудың өзекті мәселелері
Ұйымдастырушы: «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Уақыты: 2022 жылғы 4 қараша
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылады. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдердегі мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі. Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.
Мақала 2022 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады. Баяндаманы жинақта жариялау тегін. Конференцияға қатысушыларға электрондық нұсқасы беріледі.
Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:
E:mail: a.baitursunuly150@gmail.com
Жауаптылар: Имаханбет Р.С., 87013296402, Каримхан З.Т., 87012858026, Рахметуллин Е.Е., 8 7029457362 БАҚ өкілдері үшін: 87074446606