Салмақ өлшеуде Головкин қарсыласынан сәл ғана ауыр тартты. Орташа салмақ лимиті 168 фунт (76, 2 келі). 40 жастағы Геннадий Головкин 167,8 фунт (76,1 келі) тартса, ал оның қарсыласы "Канелоның" салмағы 167,4 фунтты (75,9 келіні) көрсетті.
Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Сондай-ақ, "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері үшін айқасады.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.