Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтын Орда" базары заңды белден басыпты

05:47, 14 сәуір 2022 261
 



Алматыдағы «Алтын Орда» базарын тексеру барысында 1,6 млрд теңгенің (3,5 млн доллар) заң бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлім етті.

Сауда министрлігі комитеті басшысының орынбасары «Алтын Орда» базары Орталық Азиядағы ең ірі базар екенін және 28 гектар аумақты алып жатқанын еске салды.
«Қазір «Алтын Орда» базарында бірқатар мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Барлығы 71 адам базарды тексеруде. Қазіргі уақытта 1 млрд 600 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Үлкен жұмыс атқарылуда» деді Айдар Әбілдабеков.

Сондай-ақ, Әбілдабеков Қазақстан базарларын осы уақытқа дейін ешкім тексермегенін, олар өздерінің бейберекет әрекеттерін жүргізіп келгенін, әр саудагер өз тәртібімен жұмыс істегенін атап өтті. Қазір Қазақстанда 761 базар бар. Оның 515-і азық-түлік өнімдерін сатады.

Сауда министрлігі нарықтарды тексеріп, бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылдауды, базарларды заманауи стандарттарға сәйкестендіруді реформалауды жоспарлап отыр.

Еске салса, қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан Алматыдағы ең ірі «Алтын Орда» базарын тексеруге бастамашы болды. Оның түпкілікті бенефициары еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Болат Назарбаев екендігі белгілі болды. Бұған дейін «Алтын Орда» базарынан бюджетке аз ғана салық түскені хабарланған болатын.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар