Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана маңындағы Қоянды ауылын су басты: наразы халық жолды жапты

09:29, 27 наурыз 2024 423

Ақмола облысының тұрғындары су тасқынына жергілікті биліктің назарын аударту үшін жолды жауып тастаған. Оқиға 26 наурызда Қоянды ауылының азаматтарының дауынан басталды.

Целиноград ауданы әкімдігінің сайтында хабарланғандай, кеше сағат 20:40 шамасында Қоянданың 50-ге жуық тұрғыны ауыл әкімдігінің маңындағы жолды жауып тастаған.

«Жергілікті тұрғындар су тасқынының алдын алу шараларына назар аударту мақсатында жиналды. Аудан әкімі Оспанбеков пен облыстың ТЖД басшысы Доспаев оқиға орнында жиналғандармен кездесіп, мәселені түсіндірді», – делінген хабарда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар