“Атаның қарны ашты” деген кішкентай бала үйсіз адамды тамақтандырды. Бұл жайлы видео ұлттық ақпараттық кеңістікте тарады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Баланың анасы @shapagat_shalkarovna әсерлі видеомен бөлісті. Қоқыс ақтарып жүрген атаны көрген бала оған жаны ашып кетті. Кейін ол анасымен бірге қарияға жейтін тамақ әперді. Үлкен жүректі кішкентай адам бәрімізге үлгі болсын! - деп жазды парақша өкілдері.